Бірлік ауылының оқушылары мектеп ауласына өсімдіктермен Туды бедерледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлік ауылының оқушылары мектеп ауласына өсімдіктермен Туды бедерледі

05.06.2017

«ЭКСПО-2017» көрмесінің ұстанымы - «Жасыл экономика». Табиғатты әсемдік үшін емес, адам ағзасы мен қоршаған ортаның пайдасы үшін пайдалану да - басты қағида. Өйткені, кең байтақ қазақ елінің 4-ақ пайызы орманды алқап. Сондықтан, Елбасы «Рухани жаңғыру» мақаласында туған жерді көркейтудің тиімді тетіктерін ұсынды. Енді осы бағытта жұмысты жандандыру маңызды іс болмақ.

Тамаша табиғаты алыстан арбайтын Талғар ауданына қарасты Бірлік деген шағын елді мекендегі мектептің айналасын құдды бір иранбақ дерсіз. 4 гектар аумаққа алқызыл кілем төселгендей өрнекті гүлзарлар көздің жауын алады. Ал, Рәміздер күніне орай, оқушылар білім ошағының ауласына өсімдіктермен Көк байрағымызды бедерлеп, ерекше композиция жасаған.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу