Бүгін Мәжілісте дуалды оқыту жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Мәжілісте дуалды оқыту жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды

22.05.2017

Елімізде дуалды оқыту жүйесі тек қағаз бетінде жүзеге асып жатыр. Бүгін Мәжілісте аталған жүйемен оқытудың тиімділін арттыру жолдары талқыланды. 817 колледждің 68 пайызы дуалды оқыту жүйесімен қамтылған. Мұндай ақпаратты Білім және ғылым министрлігі берген болатын. Алайда, іс жүзінде білім алатын 489 мың 166 оқушының тек 27 мың 193 і ғана бұл жүйемен білім алуда. Яғни, бар-жоғы жеті-ақ пайыз. Кәсіпорындарда өндірістік оқыту үшін орын жетпейді, ал, кейбір кәсіпорындар студентті оқытып  үйретуге құлық танытпайды, өйткені, қосымша қаражат төленбейді. Кәсіби нұсқаушы аз. 1 студентті оқыту бір өңірде 233 мың теңге болса, кейбір өңірде 410 мың теңгеге дейін барады. Тепе-теңдік жоқ. «Кәсіпкерлік, салық саласы бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу керек», дейді мамандар.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу