Талдықорғанның инфекциялық ауруханасына Назарбаев зияткерлік мектебінің 18 оқушысы түсті. Бәрінің де дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, іштері ауырған. Балалардың неден ұшынғаны сараптама нәтижесінен кейін анықталады. Оқушылар мектеп асханасынан түскі ас ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезіне бастаған. Ал, мектеп әкімшілігі әзірше жағдайды түсіндіруден бас тартты.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ