Қызылорда облысының Ақжар ауылындағы жалғыз білім ордасы құлағалы тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының Ақжар ауылындағы жалғыз білім ордасы құлағалы тұр

10.04.2017

Ауылдағы жалғыз мектептің төбесі опырылып түскелі тұр. Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Ақжар ауылының оқушылары осыдан 40 жыл бұрын салынған ескі мектепте оқуға мәжбүр.

Ауыл тұрғындары «әбден тозығы жеткен ғимарат балалардың үстіне құлап, жазым қыла ма?» деп қауіптенеді. Десе де, іргесі сөгіліп, қабырғасы қақыраған мектеп апатты деп танылмаған.

Бала оқытып емес, тозығы жеткен мектептің кем-кетігін түгендеп тарыққан ұстаздар «жаңа ғимарат салынбаса да, ескісін талапқа сай жөндеп берсе», дейді. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу