Қазақстандық 3700 студент Германияның үздік жоғары оқу орындарында білім алды. Ал, біздің елдің 53 жоғары оқу орнында неміс тілі пәні оқытылады. Яғни, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастан бөлек, білім саласындағы ынтымақтастық та бекем.
Жыл сайын Гете елінен 100-ге жуық профессор дәріс оқуға келеді. Биыл Германия мен Қазақстан арасындағы байланысқа 25 жыл. Неміс-қазақ ынтымақтастығын нығайту мақсатында бүгін Астанада «Біз болашақты бірге жасаймыз» атты конференция өтті. Онда екіжақты білім беру саласын дамыту тетіктері талқыланды.
Майра АЙТБАЙ