Әлеуметтік желідегі жалған ақпар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желідегі жалған ақпар

06.03.2017
Тағы да жалған ақпарат. Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне әлеуметтік желіде тараған тағы бір қауесетті жоққа шығаруға тура келді. Бұл жолы мұғалімдерге ақша, бағалы сый-сияпат тұрмақ, гүл сыйлауға тыйым салынады, деген мәлімет тараған еді.

Қаржы полициясы ата-аналардың басқан қадамын аңдып, арнайы тексерістер жүргізбек-мыс. Ал, заң бұзған, яғни, гүл немесе басқа бірдеңе сыйлағандарға 400 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Бүгін саланың вице-министрі журналистерді жинап, бұл ақпаратты теріске шығарды.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу