«Жоғары оқу орындарында Қазақ тілі мен тарихы, әдебиеті пәндерін алып тастау туралы мәлімет шындыққа жанаспайды». Бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет басшысына ашық хат жолдаған бір топ академикке осылай деп жауап қайтарды.
Мекеме басшысы ол үшін арнайы бейне-үндеу жазып, әлеуметтік желіге жүктеген. Онда министр соңғы күндері білім саласындағы кей реформаларға қатысты алып-қашпа әңгімелердің көбейгендігін айтады.
Айдана ҮСЕНБАЙ