Білім саласы тағы да сынға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім саласы тағы да сынға ұшырады

03.03.2017
Бүгін еліміздің бір топ ғалымдары Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына ашық хат жолдады. Онда елімізде биылдан бастап «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Лингвистика» мен «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша мамандардың даярланбайтындығы жазылған.

Білім және ғылым министрінің бұл реформасы ұлттық мүддеге қайшы деген ғалымдар енді Үкімет басшысынан араша түсуді сұрайды. Алайда, министрдің өзі бұл мәселеден мүлдем бейхабар екен. Әрі өзінің мұндай ұсыныс енгізбегендігін айтты.


Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу