Алматыда мамандардың біліктілігін дамыту орталығы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мамандардың біліктілігін дамыту орталығы құрылады

28.02.2017
Алматыдағы «Алатау» инновациялық технологиялар паркінде мамандардың біліктілігін арттыру орталығы құрылады. Олар жетекші халықаралық компаниялармен бірігіп тау-кен өндірісін жетілдірмекші.

Осылайша, Елбасы жолдауында көрсетілген «Сандық технологияға негізделген Қазақстан» бағыты аясындағы міндеттерді жүзеге асырмақ.
Жоба негізінде биыл тау жынысындағы кен қорының тереңдігі мен көлемін зерттейтін автоматтандырылған 4 модульды құрылғы мен «Модельдік байыту фабрикасын» іске қоспақ.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу