Келешектің іргетасын бүгіннен қалаңыз. Елімізде 2013 жылдан бастап білім беруге бағытталған мемлекеттік жинақтау жүйесі жұмыс істейді. Бағдарлама арқылы ата-ана балаларының Қазақстанда және шетелде оқуына қазірден қаражат жинай алады. Басты артықшылық – депозитті кез келген адамның ашуына мүмкіндік бар. Мәселен, қайырымдылық акциясы ретінде Олимпиада чемпиондары – Илья Ильян, Василий Левит және Серік Сәпиев жетім балаларға осындай депозиттер ашып берді.
Жазира ДОСМАҒАМБЕТ
Жазира ДОСМАҒАМБЕТ