Райхан Кіршібаева ұстаздық жолын 1989-шы жылы бастаған. 1991-ші жылы шаһардағы орыс мектептерінің бірінен алғаш рет 7 баламен қазақ сыныбын ашқан. Бастама ата-аналар тарапынан қолдау тауып, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстаздың оқушыларының саны оқу жылы аяқталғанға дейін 15-ке жетті. Осы қазақ сыныбында оқыған шәкірттердің алды бүгінде білікті маман болып, еліміздің әдеби әлеміне, мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосуда.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ