Астанада менталды арифметикадан республикалық байқау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада менталды арифметикадан республикалық байқау өтті

02.05.2016
Астанада менталды арифметикадан республикалық байқау өтті
Ерекше методикаға негізделген ойша есеп жарысы екі кезеңнен өтіп, оған 5-14 жас аралығындағы балалар қатысты. Жарыс ережесі бойынша, олар 8 минутта екі, үш таңбалы 150 есепті шығарып бітуі тиіс. Оның ішінде бірнеше таңбалы сандарды қосу, алу, көбейті және бөлу секілді қиын тапсырмалар да бар. Республикалық жарыс биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Ойша есеп жарысының жеңімпаздары жыл соңында Үндістанда өтетін Халықаралық сайысқа жолдама алады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу