Биыл Ақтөбеде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірнеше көпқабатты үй пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Ақтөбеде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірнеше көпқабатты үй пайдалануға беріледі

01.07.2016
Биыл Ақтөбеде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бірнеше көпқабатты үй пайдалануға беріледі

Бұл жұмыстарды Қазақстан ипотекалық компаниясы жүзеге асыруда. Батыс-2 шағын ауданында құрылысы аяқталған тоғыз қабатты үй, күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Ауданда 108 пәтерлік тағы бір үйдің құрылысы аяқталды. Баспана негізінен, көпбалалы отбасыларға, мүгедек және жетім балаларға, оралмандарға берілмек. Сондай-ақ, олардың тізіміне мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер де кіреді.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу