Ал, 2011 жылы бұл 11 358 доллар, 2012 жылы 12 120, 2013 жылы 13 611, 2014 жылы 13 мың долларды құрады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 1,4 есеге өскен.
Сонымен қатар, өнеркәсіптік өндіріс ел экономикасын дамытудың басты тетігіне айналды. Соңғы 5 жылда бұл саладан түскен табыс 53 пайызға артқан.
Мәселен 2010 жылы өнеркәсіптік өндірістен экономикамызға 12,1 триллион теңге түссе, бұл 2014 жылы 18,5 триллион теңгеге жеткен.