Ақтөбеде «Серпін-2050» жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов аталған бағдарлама бойынша оқып жатқан жастармен кездесті. Жастар сарайында өткен шараға Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің студенттері қатысты. Бұл туралы Қазақ радиосының өңірдегі тілшісі тілшіміз Мейрамгүл Рахатқызы хабарлады.
«Серпін» әлеуметтік жобасы аясында Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік университетіне 11 мамандық бойынша 300 ге жуық грант бөлінген. Оқу орнының ректоры Кенжеғали Кенжебаевтың айтуынша, жастардың барлығы да жатақханамен қамтылған.
Студенттермен кездесу барысында Мұрат Әбенов жастардың сұрақтарына жауап берді, «Серпін» жобасының маңыздылығы туралы айтты.
«Серпін» жобасының мақсаты — жастарға қолдау көрсету, олардың тегін білім алуларына мүмкіндік жасау, түлектерді жұмыспен қамту, сайып келгенде еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі үшін білікті кадр даярлау», — деді ол.
Kaznews.kaztrk.kz