Куба Республикасы мен Қазақстан ғалымдары үлкен жобаларды бірігіп іске асырмақ.
Қазақстан мен Кубаның ғылым саласындағы әріптестігіне 20 жыл болды. 1995 жылы Кубаның астанасы Гаванада ғылым мен мәдениет саласындағы әріптестікке қол қойылған кезден бастау алған байланыс қайта жаңғырды.
Фидель Кастро Диас-Балард отандық жаратылыстану саласының ғалымдарымен ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру жайын кеңесті.
Ол Қазақстаннның табиғи ресурстарға бай ел екенін атап өтіп, жерасты қазба байлықтарын өндіруде бірігіп зерттеу жүргізуді ұсынды. Фидель Кастро Диас-Балард өзара ынтымақтастық жаңа бағытқа көтерілгенін тілге тиек етіп, Кубаның Қазақстанмен ары қарай да ғылыми-байланыс орнатуға ниетті екендігін жеткізді.