Мектеп – университет – «Болашақ» бағдарламасы атты тізбе дайындалып, дарынды әрі зерек балалар жастайынан таңдалады. Халықаралық бағдарламаның жыл сайынғы конференциясына қатысқан Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова осылай деді.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, жоба жүзеге асқаннан бері 8 мыңнан астам жоғары білікті маман дайындалған. Олар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру және ақпараттық технологиялар салаларында табысты еңбек етуде.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ