Психатриялық және наркологиялық есепте тұрғандар педагог бола алмайды. ЖОО-ның студенттеріне де талап күшейтілмек. Мәселен, 2-курстан кейін кәсіптік тәжірибеден өту міндеттеледі. Ал, базалық оқулықтар мектептерге 2017 жылы енгізіледі.
Жаңа Заң жобасы бекісе, елімізде алғаш рет техникалық және кәсіптік білім тегін беріледі. Депутаттар аталған құжаттағы баптардың жартысынан көбін қайта жазып шықтық, деп отыр. Сондықтан енгізілген жаңа өзгерістер білім сапасын арттыруға серпін береді деген сенімде.
Жазира ДОСМАҒАМБЕТ