Қостанайдағы бірқатар мектептер ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы бірқатар мектептер ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды қолға алды

04.09.2015
Қостанайдағы бірқатар мектептер ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды қолға алды

 «Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу». Бұл «100 нақты қадамның» 79 қадамында белгіленген меже.

Мақсат –даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. Тапсырма үдесінен шығу мақсатында Қостанайдағы бірқатар мектептер ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды қолға алуда.

Қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының ұстаздары тіл заңдылықтарын үйретумен шектелмей, таза ағылшынша оқытылатын пәндердің санын көбейтпек.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу