Бұл Қазақстанда ашылып отырған 11-орталық. Алғашқысы 2003 жылы Өскемен қаласында жұмысын бастаған болатын.
Мұнда келушілер тіл үйренумен ғана шектелмей, АҚШ мемлекетінің құрылымы, тарихы және мәдениетімен жете танысады. Американың бай әдебиетін оқып, көркем және деректі фильмдерін көру үшін аудио-видео жазбалар қойылған.