Қаладағы 202 мектеп жаңа оқу жылына дайын.
Солардың бірі - Мүслім Базарбаев атындағы № 138-ші Қазақ гимназиясында алғашқы қоңырау салтанатты рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Еліміздегі үздік 20 білім беру орталығының қатарына енетін білім ошағы бүгін 100 оқушымен толықты.
Ал, Абай атындағы республикалық дарын мектебі 100 оқушыға есігін айқара ашты. Шәкірттерді 8-ші сыныптан бастап қабылдайтын білім ордасы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ