Глубокое ауданының Уварово ауылында бүгін ұлан-асыр той.
Балалар мен ұстаздар жаңа оқу маусымын жаңа мектепте бастап жатыр. Осы сәтке орай облыс басшылығы да келіп, құттықтау айтты. Құрылысты жүргізген мердігер компания басшысы мектеп директорына салтанатты түрде кілтті табыс еткен соң, ән шырқалып, шашу шашылды.
300 оқушыға арналған мектепті салу үшін республикалық бюджеттен 740 миллион теңге бөлінген. Құрылыс белгіленген мерзімде біткен. Шығыс Қазақстанда барлығы 8 жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Берік КӨШЕРБАЙ