Бүгін Астанадағы № 66 мектеп-лицейінде «Ерлік сабағы» өтті. Мақсат – өскелең ұрпаққа отанды сүюді, елді құрметтеуді үйрету.
Мектеп оқушыларымен кездескен Қорғаныс министрлігінің өкілдері мұндай шараны еліміздің барлық мектептерінде өткізуді қолға алған.
Әскери қызметшілер отансүйгіш, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде ұлттық -рухани құндылығымызға басымдық бермек.
Нұргүл АХМЕТОВА