Араб әліпбиінің «алеф» және «би» деген екі әріпінен құралған әліппе сауат ашу оқулығы. XIX-XX ғасырларда әліппе араб және орыс әліпбиімен жазылды. 1912 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының оқу құралы «Жаңа әліппе» деп аталады. Оқулық өз заманына лайық әліппе жасаудың озық үлгісі ретінде қазақ мектептерінің әліппеге деген сұранысына толық жауап берді.
«Ахмет Байтұрсынұлы қай жазудың дұрыс болатынын тексерген кезде бірнеше критерийді негізге алған. Біріншіден, тілдің дыбыстарына жеткілікті, жеткіліксіздігі қанша? Осы тұрғыдан келген кезде араб жазуында бар және қазақ тілінің дыбыс қорына сәйкес келетін таңбаларды сол күйінде қалдырған. Екіншіден, қазақ тілінде жоқ, араб жазуында бар дыбыстардың барлығын алып тастаған. Үшіншіден, араб жазуында жоқ, бірақ қазақ тілінде бар дыбыстарға өзіндік таңбалар арнаған»,-дейді филология ғылымдарының докторы Орынай Сағынғалиқызы.
1925 жылы Ахмет Байтұрсынұлы әдістемелік жаңалықтарды ескере отырып, қазақ бастауыш мектептеріне арналған жаңа әліпби ұсынды. Оқулық өз заманына лайық әліппе жасаудың озық үлгісі болды. Әліппеде сауат ашумен бірге балалардың ойы мен тілін дамыту, сөйлеу дағдыларын жоғары деңгейде қалыптастыру мәселелері шешімін тапты.
Ахмет Байтұрсынұлы білім беру тарихында оқушылардың ойы мен сөйлеуін дамыту жұмысына зор мән берген. Ол осы мақсатқа жетудің жолын нақты тәжірибе жүзінде дәлелдеген алғашқы қазақ ғалымы.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.