Сыр өңіріндегі елді мекендердің 70 пайызы газбен қамтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңіріндегі елді мекендердің 70 пайызы газбен қамтылды

03.03.2015
Сыр өңіріндегі елді мекендердің 70 пайызы газбен қамтылды

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы аяқталуына орай, енді ауылдарға көгілдір отын жеткізу мүмкіндігі туып отыр. Облыс әкімінің   есеп беру жиынында жұртшылық Арал және Жаңақорған аудандарында құрылыс жұмыстарының басталғандығын тікелей эфирден  телекөпір арқылы  көрді. 

Расында да, Ауылдағы ағайын газ келді деп қуанса, облыс орталығындағылар елдің тыныс-тіршілігін тікелей эфирден тамашалап, өркениеттің тағы бір мүмкіндігінің куәсі болды. Құр сөз тыңдаған жоқ, нақты істі көрді.  

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу