«Сыбаға» бағдарламасы ауылда мал шаруашылығын дамытқысы келетін жандарға тиімді тетіктердің бірі. Бұл Ақмола облысының Жақсы ауылы тұрғындарының пікірі. Бағдарлама басталғалы оннан астам адам мемлекеттік қолдау арқылы өз кәсібін ашқан.
«Сыбағаның» шарапатын көріп отырған кәсіпкерлердің бірі Сәлім Мұхамеджанов. Ол жалпы құны он бір миллионға 78 ірі қара сатып алды. Бүгінде шаруашылықта 142 мал бар.
Ермек ЕЛБЕРГЕН