Биылғы акция «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен өтпекші. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындау үшін жәрдемдесу.
«Мектепке жол» акциясы 7 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақытта 2 миллионнан астам балаға жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге материалдық көмек көрсетілген.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ