Биыл орта мектепті тәмамдап, Ұлттық бірыңғай тесттен сүрінбей өткен бұл шәкіттерге облыс әкімінің білім гранты табыс етілді. Жолдамаға ие болғандардың дені мектепті жақсы бағамен бітіріп шыққан.
Өңірдегі 11 жоғары оқу орнының басшылары балалардың болашағы мен ертеңгі күнге деген сенімін нығайту үшін оларды ақысыз оқытуды өз міндетіне алды. Сонымен бірге олар жетім балаларды тегін оқытумен қатар оларды мүмкіндігінше жатақханамен, киім-кешекпен қамтамасыз етуге келісім жасаған.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ