Астаналық өнертапқыш Нұргүл Тұрсынова өсімдіктен адам өмірін ұзартатын қосынды алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық өнертапқыш Нұргүл Тұрсынова өсімдіктен адам өмірін ұзартатын қосынды алды

12.06.2015
Астаналық өнертапқыш Нұргүл Тұрсынова өсімдіктен адам өмірін ұзартатын қосынды алды

Елімізде инновациялық идеялар жоғары бағаланғанымен, өндіріске қолдануға  келгенде кібіртіктеп қалады. 

«Жобаларды жүзеге асыруға  қомақты қаржы керек, не болмаса Үкімет тарапынан  қамқорлық  керек», дейді астаналық жас өнертапқыштар. 

Елордалық өнертапқыштардың биыл үш  жаңалығы  бар. Бірі - көлік терезесіне арналған жусан иісі шығатын жуғыш сұйықтық. Сымбат  Маратова осы жаңалығы үшін жуырда экология саласындағы жобалар жарысына қатысып, 180 мың теңге ұтып алды. Алайда, бұл оны өндіріске енгізуге жетпейді.

Екінші жаңалық - Ерболат Ташеновтікі. Жас ғалым сирек кездесетін өсімдіктен адамның жүрек жұмысын жақсартатын антиоксидант ойлап тапқан.

Үшінші өнертапқыш - Нұргүл Тұрсынова. Ол сайсағыз атты өсімдікті кешенді зерттеп, адам өмірін ұзартатын қосынды алды.

 

Гауһар  ТӨЛЕКБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу