Жоғары лауазымды шенеуніктің тестілеудің өту барысын қалай қадағаланын және оның пікірін келесі хабарларымыз барысында айтамыз.
Сондай-ақ, Парламент сенатының жалпы отырысы өтеді. Ол жерде 5 мәселе қаралады деп күтілуде. Атап айтқанда, Мәжілісте мақұлданған «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімді ратификациялау мәселесі талқыланады.
Сондай-ақ, «Каспий» теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы Заң жобасы талқыға түседі.