Бүгін еліміздің барлық аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Науқан 8 маусымға дейін жалғасады.
Оған республика бойынша 124 мың түлек қатыспақ. Оның 84 мыңы - қазақ тілінде мектеп бітіргендер.
Емтихан ел аумағындағы 165 тестілеу пунктінде өткізіледі.
«Тестілеу пункттері сынақты өткізуге толықтай дайын. Сынаққа түлектердің 70 пайыздан астамы қатысады», - деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Айдана ҮСЕНБАЙ