Алматыда Исламдық банкинг пен қаржыландыру саласы бойынша жоғары білікті мамандар даярланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Исламдық банкинг пен қаржыландыру саласы бойынша жоғары білікті мамандар даярланады

21.05.2015
Алматыда Исламдық банкинг пен қаржыландыру саласы бойынша жоғары білікті мамандар даярланады

Экономика және қаржыландыру мамандықтары бойынша магистрлікке үміткерлер қос диплом алу мүмкіндігіне ие болады.

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Малайзияның Тун Абдул Разак университеті арасында меморандумға қол қойылды.

Оның негізінде Исламдық банкинг пен қаржыландыру саласында жоғары білікті мамандар даярланады.

Меморандум аясында шәкірттер қыркүйектен бастап, алғашқы семестрді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, екінші семестрді Тун Абдул Разак университетінде оқитын болады.

Ал, үшінші семестрді өздерінің қалауы бойынша Қазақстанда немесе Малайзияда оқиды.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу