Отандық ғалымдар «Нәр» және «Бахра» дәрумендерін ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық ғалымдар «Нәр» және «Бахра» дәрумендерін ойлап тапты

16.05.2015
Отандық ғалымдар «Нәр» және «Бахра» дәрумендерін ойлап тапты

Отандық ғалымдар «Нәр» және «Бахра» дәрумендерін ойлап тапты. Бірақ жаппай қолданысқа енгізуге әлі ерте. Бұл дәрумендерді сиқырлы сұйықтық десе де болады. Өйткені ол қартаюды сапалы түрде тежейді. Өмір жасыңызды ұзартуға септігін тигізеді. Әзірге зертханадағы жұмыстармен кез-келген адам таныса алмайды. Деректер барынша құпия.

Жасартатын, қартаюды тоқтататын емді сиқыршылар, алхимиктер, шіркеу сопылары да іздеген. ХІХ ғасырда бұл жарысқа ғалымдар да қосылды. Ғылым қанша арпалысса да өлімді әлі жеңген жоқ. Еліміздегі өмір туралы ғылымдар орталығының басшысы Жақсыбай Жұмаділов «Өлім емі жоқ дауа» екенін жақсы біледі. Алайда адамнан өзге тірі ағзаларға жүргізілген сынақтар нәтижесі жаман емес.

Ғалымдардың бірнеше жылғы жұмыс нәтижесінен «Нәр» дәрумені пайда болды. Бұл өнім алдағы 4 жылда еркін саудаға түседі. Құны қымбат. Оны қолы жеткен ғана қолданбақ. 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу