Жауапты тұлғалардың айтуынша биыл қазақ сыныбын бітірушілердің саны орыс сыныбын тәмамдаған түлектерге қарағанда екі есе көп. Сондықтан да, қазақ тілді түлектерге бөлінетін грант санын көбейту көзделіп отыр.
Биылғы ҰБТ расымен-ақ, бұрынғыдан ерекшеленетін көрінеді. Біріншіден, биылдан бастап 11 жыл бойы мектепті кілең беспен тәмамдаған оқушы ҰБТ-дан төмен бал алған жағдайда, ҰБТ ұпайы атестатқа түспейді. Бұл жағдайда оқушының тек орташа баллы қойылады.
Айдана ҮСЕНБАЙ