Астанада «Жас жасампаздар жоба жарысының» жеңімпаздары анықталды.
Олар «Баламалы энергия», «Әлеуметтік-қоғамдық мәселелер» және «Робототехника» аталымдары бойынша іріктелді.
Сан сала бойынша қоғамға тиімді қызмет ұсына алған жоба авторларын Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев құттықтап, арнайы дипломдармен марапаттады.
Сондай-ақ, жүлдегерлер «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының бағалы сыйлықтарына ие болды.