Елордада «Жарқын болашақ» VII республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасы басталды.
Аудандық, облыстық байқаулардан өткен 170 бала бүгін республикалық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.
Олар «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз мәнері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынайды.
Айта кету керек, биылғы жылы олимпиадада жеңімпаз атанған 11-сынып оқушыларына елдегі жоғары оқу орындарына білім гранттары табысталады.
Ләззат БЕКТАС