Жастардың кәсіптік мамандықтарға қызығушылығын ояту қажет. Ол үшін түрлі сайыстар өткізіп, кәсіптік мамандар қоғамға қажет екенін ескертуіміз шарт. Алматы қаласы колледждер қауымдастығының өкілдері бүгін осындай пікір білдірді.
Қазіргі уақытта «дәнекерлеуші», «аспаз», «шаштараз ісі», «токарлық іс» мамандықтарында білім алып жүрген жастар аз емес. Білімді студенттер арасында болашақтарына бағдар жасау үшін алғаш рет кәсіптік шеберлік жарысы өтті. 27 колледжден 75 студент 10 күн бойы өз ісінің үздігі атануға барын салды.
7 мамандық бойынша бақ сынасқан студенттерге жұмыс орындарының басшылары қазылық етті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 12 білімгерге жұмысқа орналасу сертификаттары табысталды.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ