Алматыда Ұлыбритания мен Қазақстан ғалымдарының бірлескен семинары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ұлыбритания мен Қазақстан ғалымдарының бірлескен семинары өтті

28.01.2015
Алматыда Ұлыбритания мен Қазақстан ғалымдарының бірлескен семинары өтті

Ғалымдар өзара келісе отырып, алдағы бес жылда атқарылар ғылыми жобаларды талқылап, жоспарларын бекітті. 

«Ньютон-әл-Фараби» бағдарламасы – екі елдің арасында ғылыми серіктестік орната отырып мұнай өнімдерін қалдықсыз өңдеу, экологиялық таза энергия көздерін жетілдіру сияқты жобаларды бірігіп жүргізу үшін тәжірибе алмасуды, жас ғалымдарға жол ашуды көздейді.

Бағдарлама «Ньютон» қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асады. Бес жылға созылатын бағдарламаны жүзеге асыру үшін 20 миллион фунт стерлинг бөлінген.

Жобаны Қазақстан бойынша «Ғылым қоры», ал Ұлыбритания тарапынан «British Council» қадағалайтын болады. 

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу