Қарағанды облысында инклюзивті білім беру жүйесі жолға қойылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында инклюзивті білім беру жүйесі жолға қойылған

16.01.2015
Қарағанды облысында инклюзивті білім беру жүйесі жолға қойылған

Ал, ата-аналар болса бұрын-соңды үйде отырып сабақ оқыған баласының өзгелермен тең құқылы болғанына дән риза.

Инклюзивті білім беру аясында балалармен арнайы психолог, логопед, дефектолог және басқа да әлеуметтік қызметкерлер мұғалімдермен бірлесе жұмыс істейді. Соның негізінде оқушының таным-түсінігі айтарлықтай ілгерлейді.

Қарағанды облысы бойынша инклюзивті білім беруді қажет ететін 11 мыңнан астам мектеп жасындағы балғындар бар.

Сондықтан әр бала еліміздің келешегі деп қарағанымыз жөн дегенді айтады ұстаздар қауымы.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу