Отандық ғалым көмірден жанар-жағармай өндіруді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық ғалым көмірден жанар-жағармай өндіруді ұсынды

12.12.2014
Отандық ғалым көмірден жанар-жағармай өндіруді ұсынды

Көмірді алдымен газификатор деп аталатын мынадай аппаратта көгілдір отынға айналдырады. Яғни, көмірді жоғары температурада терең өңдеп, газ алады.

Жобаның өзіндік құны да арзан. Мысалы: Шамамен 1 тонна таза көмірден, бұл дегеніміз 7 мың теңге, 570 литр бензин алуға болады.  Яғни, нарықтық бағамен 65634 теңге.

Сонда литрі 40 теңге шамасында. Бір айта кететіні кез келген көмір өңдеуге келе бермейді. Оның күлділігі мен ылғалдылығы ескеріледі.

Осылайша тәжірибеде тек Оңтүстік Африка мен Қытайда бар. Бұл жоба ендігіде елде де жүзеге аспақ.

Елдегі анықталған көмір қоры 34 миллиард тоннаға жуық екенін  ескерсек, керек кәсіп екені сөзсіз.  

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу