Ғасырға жуық тарихы бар білім ордасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғасырға жуық тарихы бар білім ордасы

29.11.2014
Ғасырға жуық тарихы бар білім ордасы

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы №12 гимназияның мәртебесі арта түсті. Білім ордасы дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған гимназия деген дәрежеге өтті. Ғасырға жуық тарихы бар мектеп ұжымын Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мерейтоймен құттықтап, мектептің мәртебесі ауысқаны туралы бұйрық жіберген. 90 жыл талапты жастарды тәрбиелеген мектеп ұжымы тарихи күнді атап өтті.

2005 жылы оқу ордасына Президент Нұрсұлтан Назарбаев келіп, данқты тарихы бар, беделді білім ұяларының бірі деп баға берген. Расымен білім ордасы осы уақытқа дейін атағы мен абыройын сақтап қана қоймай, білім беру сапасын арттырып келеді.

40-тың қырқасына шыққан азаматтар да 80-нің сеңгіріне келген ата-әжелер де көңілді кештің құрметті қонағы болды. Олар сыныптастарымен жүздесіп, әуелеген ән тыңдап, балалық шақтарын еске алып, шад-шадыман күйге бөленді.

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу