Елді мекенде 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келген ескі білім ошағы апатты жағдайда болған.
Жаңа ғимарат салуға екі жыл бұрын қаражат бөлініп, құрылысы жоспарланған уақытта аяқталды.
Енді ауыл балалары биылғы оқу маусымын жаңа мектепте жалғастыратын болады.
Осылайша, келер жылы облыста апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толықтай шешіледі, деп жоспарлануда.
Ержан ЖАҚЫП