Жамбыл облысы, Жаңатас қаласының тұрғыны Қамар Бегалиева өз алдына жеке кәсіп ашып, отбасылық бизнесін дөңгелетіп отыр. Еңбекқор келіншек моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қайтарымы аз несие алып, асыл тұқымды мал сатып алды.
Бүгінде ауыл іргесінен қора-жай салып, бала-шағасымен шопандық кәсіптен несібін айырып жүр. Төрт түліктің еті мен сүті мол текті тұқымын өсіру көл-көсір пайдаға кенелтері анық.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ