Байланыс және ақпараттық технологиялар - кез келген ортадағы маңызды құрал. Дамыған және дамушы елдер бұл салаға бекер мән беріп жүрген жоқ.
Назарбаев университетінде ұйымдастырылған ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі халықаралық конференцияның көздегені – осы тұрғыдағы ғылыми зерттеулер мен экперименттерді талқылау.
Бүгін алыс-жақын шетелдерден келген сарапшылардың назарына инновациялық идеялар ұсынылып, ғалымдар мен студенттер арасында тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы - ақпараттық қауіпсіздік мәселесі.