Президент шәкіртақысына 10 магистрант ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент шәкіртақысына 10 магистрант ие болды

09.10.2014
Президент шәкіртақысына 10 магистрант ие болды

Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде оқуы үздік, ғылымға, қоғамдық өмірге белсенді 10 магистрант Президент шәкіртақысына ие болды.   Білімгерлерге арнайы сертификат пен төсбелгіні Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов табыстады. 

Сынақ кітапшаларына төрттік түспеген студенттердің дені - Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Өнер ордасы және Абай атындағы педагогикалық университет тәлімгерлері. Айта кетейік, Президент шәкіртақысы төртінші жыл қатарынан табысталып келеді.

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу