Білім саласының үздіктері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Білім саласының үздіктері марапатталды

03.10.2014
Білім саласының үздіктері марапатталды

Бүгін Астанада Ұстаздар күніне орай білім саласындағы үздік қызметкерлер мен ұйымдар марапатталды. «Жыл ұстазы-2014» атағына елордадағы №4 мектеп-гимназиясының  мұғалімі Сайлаукүл Қаршыға лайық деп танылып, оған жеңіл автокөлік сыйға тартылды.

Сондай-ақ, №60 мектеп-лицейі «Үздік мектеп» атанып, ұжымға 15 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді. Айта кетейік, бұл мектептегі 10 үздік ұстаз енді қалған әріптестеріне қарағанда, 50 пайыз артық жалақы алатын болады. Бүгінде бас шаһарда 11856 педагог бар. Оның 10 мыңға жуығы жоғары білімді. Осы оқу жылында 303 жас маман жұмысқа қабылданды. Жылдан жылға елордадағы білім сапасы да, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі де артуда, деді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Хабарламаларға жазылу