Елімізде алғаш рет халықаралық математикалық ғылыми журнал оқырмандарға жол тартты.
Бұл жайында бүгін Астанада өткен «Elsevier – Қазақстан: зерттеу қызметіндегі басымдық» форумында белгілі болды.
Шараның мақсаты – Қазақстандағы ғылым саласының көкжиегін кеңейтіп, тың тақырыпта жазылған ғылыми мақалалардың халықаралық беделді басылымдарда кедергісіз жарық көруін қамтамасыз ету.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, осы уақытқа дейін шетелде басылып шыққан 1 мыңға жуық қазақстандық мақала Ұлыбритания, Қытай, Нидерланд елдерінде кеңінен қолданысқа ие болған.
Лаура БЕКЖІГІТ