Владимир Шнайдер қазақ тілінде 40-қа жуық ғылыми еңбек жазды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Владимир Шнайдер қазақ тілінде 40-қа жуық ғылыми еңбек жазды

17.09.2014
Владимир Шнайдер қазақ тілінде 40-қа жуық ғылыми еңбек жазды

Елбасы Ұлытау төріндегі сұхбатында қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп келеді, қазақ тілінің болашағы зор дегенді тілге тиек етті. Соның айқын көрінісі - Владимир Шнайдер. 

Ол мемлекеттік тілді жетік меңгеріп қана қоймай, қазақ тілі туралы 3 оқулық пен 40-қа жуық ғылыми еңбек жазған. 

Владимир Шнайдер  - Тұран университеті жанындағы тіл институтының  директоры. Бұрын тіл комитетінде, кейінірек Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығында еңбек етті.  Қазақ тіліне деген құрметті отбасында да ұмытқан емес.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу