Кеше еліміздегі барлық орта мектепте «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атауымен конференция өтті.
Шара Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Отбасылық тәрбие институтының және «Нұр Отан» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды.
Өскемен қаласында мұндай жиналыс 11 мектепте өткізілді.
Конференция барысында психологтар ата-аналарға баламен дұрыс байланыс құру және жаңа ортаға бейімделуде қалай қолдау көрсету керектігі туралы айтып берді.
Берік КӨШЕРБАЕВ