Иран Президенті Назарбаев университетінде дәріс оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран Президенті Назарбаев университетінде дәріс оқыды

09.09.2014
Иран Президенті Назарбаев университетінде дәріс оқыды

Назарбаев университетінде шетелдік оқытушылар мен осы оқу орнының студенттеріне Иран Президенті Хасан Рухани дәріс оқыды.

Жарты сағатқа созылған баяндамасында ол аймақтың мәдени мұрасы жөнінде терең мағлұмат беріп, әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесі жайында ой бөлісті.

«ХХІ ғасыр - ғылым ғасыры. Сондықтан жастардың жан-жақты дамып, оқуға құштар болғаны дұрыс. Жаңа технологияларды жете меңгерген жастардың қатарын көбейтуіміз керек», - деді Иран басшысы. 

Мақсат ТӘСТЕНБЕКОВ

Хабарламаларға жазылу